User manual
1 сөрені, мысалы пештің 3-ші қатарына
Торт қалыбына салынған 1 тортты,
мысалы 1-ші қатарға
2 сөрені, мысалы пештің 1-ші және 3-ші
қатарына
3 сөрені, мысалы пештің 1, 3 және 5-ші
қатарына қоюға болады
Пісіруге арналған қаңылтыр ыдыстар
• Верхний + нижний нагрев арқылы
пісіру үшін, түсі қаралтым металдан
жасалған, тефлонмен қапталған
пісіруге арналған қалыптар жарайды.
• Горячий воздух функциясын
пайдаланып пісіру үшін, жылтыр ашық
түсті металл қалыптарды пайдаланса
жарайды.
Жалпы нұсқаулар
• Пештің ішіне сөренің қиғаш жағын
алдына қаратып орналастырыңыз.
• Верхний + нижний нагрев мен Горячий
воздух функцияларын пайдаланып
пісірген кезде, екі пісіру сөресін бір
қатарға бірінен кейін бірін қойып
пайдалануыңызға болады. Бұл пісіру
уақытын аса созбайды.
Мұздатылған тағамдарды пісіру
сөресіне қойған кезде, олар пісіру
барысында майысуы мүмкін. Бұл
мұздатылған тағам мен пеш
температураларының арасындағы
айырмашылықтың аса жоғарлығына
байланысты. Суыған соң сөрелердің
майысқаны дұрысталып, өз қалпына
келеді.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
• Бұл кестелер әдепкі тағам түрлері үшін
қажетті температура мен пісіру
уақытын, пештің қатарларын таңдау
туралы ақпарат береді.
• Температура және пісіру уақыты тек
жалпы ұсыныс ретінде ғана берілген,
себебі бұл параметрлер қоспаның
қоюлығына, көлеміне, қалыптардың
саны мен түріне байланысты.
• Біз ең алдымен пешке төменгі
температураны орнатып барып, тек
қажет жағдайда ғана, мысалы тағамды
тағы да қызарта түскіңіз келсе не оның
пісуі ұзаққа созылып бара жатса ғана
жоғарғы температураны орнатуды
ұсынамыз.
• Егер нақты бір рецептіге сай келетін
параметрлерді таппасаңыз, соған
ұқсас біреуін іздеңіз.
• Торттарды пештің бірнеше қатарына
қойылған сөрелер не қалыптарға
салып пісірген кезде, пісіру уақытын
10-15 минут артық қоюға болады.
• Сұйық қоспасы бар пицца не жеміс
фланы тәрізді тағамдарды пісірген
кезде пештің тек бір қатарын ғана
пайдалану қажет.
• Биіктіктері әртүрлі торттар мен тоқаш
бұйымдары бастапқыда біркелкі
қызармауы мүмкін. Бұндай жағдай
орын алғанда температура параметрін
өзгертуге тиіс емессіз. Пісіру үрдісі
жеделдей бұл тағамдар біркелкі
қызара бастайды.
electrolux 25










