User manual

Күтім көрсету
Назарыңызда болсын! Тазалау үшін
құрылғыны электр желісінен
ажыратып, салқындату керек.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында пешті бу не жоғарғы
қысым құрылғыларымен тазалауға
болмайды.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны тазалау үшін қырғыштар
мен өткір аспаптарды не шайғыш
құралдарды пайдаланбаңыз.
Пештің шыны есігін тазалау үшін
қырғыштар мен металл аспаптарды
пайдаланбаңыз, себебі мұндай
заттар оның бетіне сызат түсіреді.
Бұл шынының шытынып кетуіне
алып келуі мүмкін.
Құрылғының сыртқы жағы
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
сүртіп алыңыз.
Беті металл құрылғылар үшін сатудағы
стандартты тазалағыш заттарды
пайдаланыңыз.
Аса жеміргіш не түрпілі заттарды
пайдаланбаңыз.
Пешті әрбір қолданғаннан кейін тазалап
отыру керек. Бұл кейін жануға келмейтін,
жинақталып қалған қоқысты тазалаудың
ең жеңіл жолы.
Пештің іші
1. Пеш есігі ашылған кезде, пешті
жарықтандырғыш шам өздігінен
қосылады.
2. Әрбір қолданғаннан кейін пешті
тазалағыш зат қосылған сумен
тазалап, содан кейін құрғатып отыру
керек.
Оңайшылықпен алынбайтын
қалдықтарды арнайы
тазалағыштармен алыңыз.
Өте маңызды! Пешке арналған спрей-
тазалағышты қолданған кезде оны
өндірушінің нұсқауларын мұқият
сақтаңыз. Пеш спрейін пайдаланып
тазалағаннан кейін пеште ешбір
тазалағыш заттың көзге көрінерлік
қалдығы қалмағанына көз жеткізіңіз!
Қосымша жабдықтар
Пеш жабдықтарын (сөре, таба, қуыру
табасы т.б) әр пайдаланып болған
сайын тазалап құрғатып отырыңыз.
Тазалауды жеңілдету үшін бұл
заттарды жібітіп алыңыз.
Май сүзгісі
1. Май сүзгісін тазалағыш зат қосылған
ыстық сумен не ыдыс жуғыш
машинада жуыңыз.
2. Күйіп жабысып қалған қатты
қалдықтарды 2-3 ас қасық ыдыс
жуғышқа арналған тазалағыш зат
салынған азырақ суға салып қайнату
арқылы кетіруге болады.
Пиролиз тазалау
" Пиролиз" функциясы арқылы пешті
пиролизбен тазалауыңызға болады.
Функцияны " Меню Чистка" мәзірінен
таңдап алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш Пиролиз
арқылы тазалағанда қатты ысып
кетеді! Күйіп қалу қаупі бар!
Пеш қызып тұрған кезде оның есігін
ашпаңыз, себебі бұлай істегенде
аталмыш үрдіс тоқтап қалады.
Белгілі температураға жеткен кезде
пеш есігі автоматты түрде кілттеліп
қалады.
ПОМОЩЬ ПРИ ЧИСТКЕ
" ПОМОЩЬ ПРИ ЧИСТКЕ" функциясы "
Меню Чистка" мәзірінде белсенді күйге
көшіріліп, пиролизбен тазалауды
бастаған кезде, сандық бейнебетте
пиролизбен тазалауды бастамас бұрын
нені ескеру қажеттігін ескертетін
хабарлар пайда болады.
Тазалау қажеттігін ескертетін құрал
" НАПОМИНАНИЕ О ЧИСТКЕ"
функциясы " Меню Чистка" мәзірінде
қосылған кезде, пешті тазалайтын уақыт
келген мезгілде сандық бейнебетте
соған қатысты жазу пайда болады.
Кіріктірмелі жолдар
Пештің ішкі оң жақ және сол жағында
орналасқан кіріктірмелі жолдарды оның
34 electrolux