User manual
Пісіру
Пеш қатарлары
• Верхний + нижний нагрев-мен
пісіргенде тек пештің бір қатары ғана
пайдаланылады.
• Горячий воздух арқылы пісірген кезде,
бірден үшке дейінгі пісіру сөрелерін бір
уақытта пешке қатар қоюға болады:
1 сөрені, мысалы пештің 3-ші қатарына
Торт қалыбына салынған 1 торт, мысалы
1-ші қатарға
2 сөрені, мысалы пештің 1-ші және 3-ші
қатарына
3 сөрені, мысалы пештің 1, 3 және 5-ші
қатарына қоюға болады
Пісіруге арналған қаңылтыр ыдыстар
• Верхний + нижний нагрев арқылы
пісіру үшін, түсі қаралтым металдан
жасалған, тефлонмен қапталған
пісіруге арналған қалыптар жарайды.
• Горячий воздух функциясын
пайдаланып пісіру үшін, жылтыр ашық
түсті металл қалыптарды пайдаланса
жарайды.
• Тағам жабыспайтын қаптамасы бар,
қаралтым металдан жасалған
қалыптарды тордың үстіне қою керек.
Жеңіл металдан жасалған
қалыптарды пісіру сөресінің үстіне қою
керек
Жалпылама нұсқаулар
• Пештің ішіне сөренің қиғаш жағын
алдына қаратып орналастырыңыз.
• Верхний + нижний нагрев мен Горячий
воздух функцияларын пайдаланып
пісірген кезде, екі пісіру сөресін бір
қатарға бірінен кейін бірін қойып
пайдалануыңызға болады. Бұл пісіру
уақытын аса созбайды.
Мұздатылған тағамдарды пісіру
сөресіне қойған кезде, олар пісіру
барысында майысуы мүмкін. Бұл
мұздатылған тағам мен пеш
температураларының арасындағы
айырмашылықтың аса жоғарлығына
байланысты. Суыған соң сөрелердің
майысқаны дұрысталып, өз қалпына
келеді.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
• Бұл кестелер әдепкі тағам түрлері үшін
қажетті температура мен пісіру
уақытын, пештің қатарларын таңдау
туралы ақпарат береді.
• Температура және пісіру уақыты тек
жалпылама ұсыныс ретінде ғана
берілген, себебі бұл параметрлер
қоспаның қоюлығына, көлеміне,
қалыптардың саны мен түріне
байланысты.
• Біз ең алдымен пешке төменгі
температураны орнатып барып, тек
қажет жағдайда ғана, мысалы тағамды
тағы да қызарта түскіңіз келсе не оның
пісуі ұзаққа созылып бара жатса ғана
жоғарғы температураны орнатуды
ұсынамыз.
electrolux 25










