User manual
Құрылғының зауытта орнатылған
параметрлері қайта қалпына
келтірілген кезде сүзгі
ажыратылады.
Егер Запахопоглощ. Фильтр
қосылып тұрса, пеш тұтынатын қуат
ұлғаяды.
Тіптен Запахопоглощ. Фильтр өшіп
тұрса да, ол әрбір 100 жұмыс сағаты
өткен сайын, тағамды қуыру мен
пісіру кезінде автоматты түрде өзін
өзі тазалау үшін қосылып отырады.
Запахопоглощ. Фильтр пешті
тазалау кезінде өшіріліп қойса да,
пиролитпен тазалау кезінде жұмыс
жасайды.
1. Негізгі көрсеткіден " Основные
Установки" таңдаңыз.
2. Содан соң OK түймешесін басыңыз
да осы көрсеткіні шақырыңыз.
3. " Запахопоглощ. Фильтр" таңдап алу
үшін түймешені пайдаланыңыз.
4. Содан соң OK түймешесін басып
өзгерту енгізуіңізге болады.
5. Сүзгіні белсенді күйге көшіру(ON) не
өшіріп қою(OFF) үшін түймешені
пайдаланыңыз.
6. Параметрді растау үшін ОК
түймешесін басыңыз.
Параметр өзгерді.
Сөре, таба және қуыру табасын орнату
Сөре бағыттауышының қауіпсіздігін
арттыру үшін әрбір кіріктірмелі құрам
бөліктердің оң жақ және сол жақ
шетінде ирек келген ойыс бар.
Кіріктіріле орнатылатын құрам
бөліктердің бұл ойыс жағын әрқашан
пештің ішкі арт жағына қаратып
салыңыз. Кіріктіріле орнатылатын
бұл құрам бөліктердің ойыс жағы,
сондай-ақ оларды аударылып
кетуден сақтайтын да маңызды
қызмет атқарады.
Таба не қуыру табасын орналастыру
Табаны не қуыру табасын пештің
таңдалған қатарындағы кіріктірмелі
жолдардың арасына кіргізіп ілгері
жылжытыңыз.
Пеш сөресін орнату:
Сөрені оның тіреуіштерін төмен қаратып
орналастырыңыз.
Сөрені пештің таңдалған қатарындағы
кіріктірмелі жолдардың арасына кіргізіп
ілгері жылжытыңыз.
Сөре айналасындағы көтеріңкі шығырық
ыдыс сырғып кетпес үшін қосымша көмек
беретін құрал болып табылады.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру:
Сөрені қуыру табасының үстіне қойыңыз.
Қуыру табасын пештің таңдалған
қатарындағы кіріктірмелі жолдардың
арасына кіргізіп ілгері жылжытыңыз.
electrolux 17










