User manual
Сырғытпалар - Пеш жабдықтарын
кірістіру
Пісіруге арналған жайпақ табаны
немесе қуыруға арналған шұңғыл
табаны сырғытпаларға қойыңыз.
Шеттеріндегі саңылауларды
сырғытпалардың үстіндегі тіреуіш
істікшелерге келтіріп салыңыз.
Пеш сөресін сырғытпаларға
тіреуіштерін төмен қаратып салыңыз.
Сөренің көтеріңкі жиегі ыдыс
сырғып кетуге жол бермейтін
қосымша құрал болып табылады.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Пештің сөресі мен қуыру
табасын сырғытпалардың үстіне
қойыңыз. Шеттеріндегі саңылауларды
сырғытпалардың үстіндегі тіреуіш
істікшелерге келтіріп салыңыз.
Автоматты бағдарламалар
Бұл 3 автоматты бағдарлама, еттің əр
түріне немесе басқа бағдарламаларға
ең тиімді параметрлерді ұсынады:
• Weight Automatic ( Assisted Cooking
мəзірі) функциялары бар ет
бағдарламалары
• Ет бағдарламалары Meatprobe
Automatic ( Assisted Cooking мəзірі)
• Recipe Automatic ( Assisted Cooking
мəзірі)
Assisted Cooking Weight Automatic
Функция қуыру уақытын автоматты
түрде есептеп шығарады. Бұл
функцияны қолдану үшін тағамның
салмағын көрсету қажет.
Функцияны қосу:
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Assisted Cooking функциясын
таңдаңыз. Параметрді құптау үшін
OK түймешігін басыңыз
.
3. Мəзір санаты мен тағамды
таңдаңыз. Параметрді құптау үшін
OK түймешігін басыңыз.
4. Weight Automatic функциясын
таңдаңыз. Параметрді құптау үшін
OK түймешігін басыңыз.
5. Тағамның салмағын көрсету үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
Параметрді құптау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Автоматты бағдарлама басталады.
Салмақты кез келген уақытта
өзгертуіңізге болады. Салмақты өзгерту
үшін + немесе - түймешігін басыңыз.
Уақыт аяқталған
кезде дыбысты сигнал
естіледі. Сигналды сенсорлық алаңды
басып өшіріңіз.
electrolux 11










