User manual
10. Шыны панельдерді бірінен соң бірін
абайлап көтеріңіз (1-ші қадам) де,
алып шығыңыз (2-ші қадам). Үстіңгі
шыны панельден бастаңыз.
1
2
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Шыны
панельдерді жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельдерді орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельдер мен тұмшапеш есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
Ортаңғы панельдің безендірілген
жақтауы бар. Осы панельді орнатқан
кезде, басылған жазуы бар жағын
есіктің ішкі жағына қаратып салыңыз.
Орнатып болғаннан кейін шыны
панельдің жақтауының басылған жазуы
бар беткі жағы қолмен ұстағанда бұдыр
болмауға тиіс.
Ортаңғы шыны панельді орындарына
дұрыс орнатқаныңызды тексеріңіз
(суретті қараңыз).
Үстіңгі шыны панельді орындарына
дұрыс орнатқаныңызды тексеріңіз
(суретті қараңыз).
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
22 electrolux










