User manual

Сырғытпа жолдарды алу
1. Жолдарды алдыңғы тежегіштен
еппен жоғары тартыңыз.
2. Алдыңғы тежегіштегі жолдарды ішке
қарай сəл қозғаңыз.
3. Жолдарды артқы тежегіштен
тартып шығарыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды кері реттілікпен
салыңыз.
Бу шығаратын жүйе
Сақтандыру туралы ескерту! Əр
қолданғаннан кейін бу генераторын
құрғатыңыз. Суды сіңіргіш жөкемен
сорғытып алыңыз.
Əк қалдығы қалса, су мен сірке
суын пайдаланып тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Химиялық қақ кетіргіш заттар
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін. Өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз!
Су тартпасы мен бу генераторы
1. Бу генераторындағы су тартпасына
су мен сірке суын қосып (шамамен
250 мл) құйыңыз.
Шамамен 10 минут іске қосып
қойыңыз.
2. Су мен сірке суын сіңіргіш жөкемен
сорғытыңыз.
3. Бу шығаратын жүйені су құтысы
арқылы (100-200 мл) таза су
құйып
шайыңыз.
4. Бу генераторындағы суды сіңіргіш
жөкемен сорғытыңыз да, құрғатып
сүртіңіз.
5. Пештің іші əбден құрғағанша есігін
ашық қалдырыңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын ауыстыру
1. Шамның қақпағын пештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қақпағын алу үшін сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
electrolux 19