User manual

Назарыңызда болсын!
Қыздырғыш элементті төмен
қайырмай тұрып құрылғыны
сөндіріңіз. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөренің сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Қыздырғыш элементтің алдыңғы
жағынан екі қолмен ұстаңыз
3. Оны серіппенің күшіне қарсы алға
тартыңыз да, екі жағындағы
тіреуіштерімен қоса алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға
дайын.
Қыздырғыш элементті орнату
1. Қыздырғыш элементті кері ретпен
орнатыңыз.
Өте маңызды! Қыздырғыш элементті
тұмшапештің ішкі қабырғасындағы
тіреуіштің үстіңгі екі жағына дұрыс
орнатыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын
орнатыңыз.
Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін тазалау үшін оны шешіп
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Пештің есігін ағытып алу
1. Пештің есігін барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша жоғары
көтеріңіз.
A
A
3. Пештің есігін оның бастапқы
қалпына дейін жабыңыз (шамамен
45°).
45°
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып
шығарыңыз.
Есіктің бетіне сызат түспес үшін
оның сыртқы бетін жұмсақ əрі тегіс
жерге қаратып қойыңыз.
5. Енді ішкі шыны панельдерін алып
тазалауыңызға болады.
Есікті орнату үшін осы əрекеттерді
кері ретпен жасаңыз.
Пештің есігінде 2, 3 немесе 4 (үлгі
түріне байланысты) шыны панель
бар.
18 electrolux