User manual

Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
сөрелерін алып қоюға болады.
Сырғытпа сөрелерін алу
1.
Сырғытпа сөрелерінің алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2.
Сырғытпа сөрелерін қабырғаның
артқы жағынан тартып, шығарыңыз.
Сырғытпа сөрелерін орнату
Сырғытпаларды керісінше ретпен
орнатыңыз.
Өте маңызды! Сырғытпа сөрелеріндегі
білікшелер алға қарап тұруға тиіс!
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпаларды ыдыс жуғыш
машинада тазартпаңыз.
Сырғытпаларды майламаңыз.
Пеш шамын ауыстыру/шыны
қалпақты тазалау
Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі
бар!
1. Шыны қалпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қалпақты тазалаңыз.
3. Пеш шамын 300°C қызуға төзімді,
сай келетін пеш шамына
ауыстырыңыз. Жаңа шамның
параметрлері, ескі шамның
параметрлерімен бірдей болуға
тиіс.
4. Шыны қалпақты орнатыңыз.
Пештің шамын айырбастау
(құрылғының сол жағы) Шыны қалпағын
тазалау
1. Сөренің сол жақ сырғытпа
жолдарын алыңыз.
2. Шыны қалпақты алу
үшін ұшы
айқыш бұрағышты қолданыңыз.
3. Шыны қалпақты жіңішке, ұшы доғал
затпен (мысалы, шай қасық) алыңыз
да, содан кейін тазалаңыз.
4. Қажет болса: Пештің жарықтама
шамын ауыстырыңыз.
Техникалық ақпарат: 300°C градус
қызуға төзімді.
5. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
6. Сөренің сол жақ сырғытпа жолын
салыңыз.
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
оның төбесіндегі қыздырғыш элементті
төмен қайырып қоюға болады.
electrolux 17