Recipe Book
сарымсақты туралған қызанақпен
араластырыңыз.
Албырт балықтың қоң етіне лимон
шырынын себіңіз де, қаныққанша қоя
тұрыңыз. Содан кейін сорғытып, тұз бен
бұрыш қосып дәмдеңіз.
Көкөніс пен картопты араластырыңыз
да, май жағылған ыстыққа төзімді табаға
салып, үстінен арқан балықты салыңыз.
Көкөніс сорпасы мен ақ шарапты үстіне
құйыңыз да, розмарин мен тасшөптен
себіңіз.
– Пеш ішіндегі уақыты: 30 минут
– Пеш деңгейі: 3
Jansons Temptation
Құрамы:
• 8-10 картоп
•2 пияз
• 125 г шабақ балықтың қоң еті
• 300 мл кілегей
• 2 ас қасық нан үгіндісі
•бұрыш
• жаңа туралған тасшөп
• 2 ас қасық сары май
Дайындау әдісі:
Картопты жуып, қабығын аршыңыз да,
ұзыншалап тураңыз, Пияздың қабығын
аршыңыз да, ұзыншалап тураңыз.
Ыстыққа төзімді табаны сары маймен
майлаңыз. Картоптың үштен бірін және
пиязды табаға салыңыз. Үстіне шабақ
балықтың етінің жартысын салыңыз да,
пияз бен картоптың үштен бір бөлігімен
жабыңыз. Шабақ балықтың қалған қоң
етін үстінен таратып салыңыз. Үстіне
пияз бен картоптың қалған бөлігін
салыңыз, ең үстінде картоп болуға тиіс.
Үстінен бұрыш пен туралған тасшөптен
себіңіз.
Шабақ балықтың тұздығын пісірілетін
тағамның үстіне құйып, кілегей қосыңыз.
Нан үгіндісін сеуіп, үстінен сары май
түйірлерін салыңыз.
– Пеш ішіндегі уақыты: 60 минут
– Пеш деңгейі: 3
Cake
Lemon Sponge Cake
Қоспаға салынатын құраластар:
• 250 г сары май
• 200 г қант
• 1 қапшық ванильді қант
• 1 шөкім тұз
•4 жұмыртқа
• 150 г ұн
• 150 г жүгері ұны
• 1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
• 2 лимонның үгітілген қабығы
Жылтыр құймаға қосылатын құраластар:
• 125 мл лимон шырыны
• 100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
• Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30 см
• Майлауға арналған маргарин
• Пісірме табаққа себуге арналған нан
үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы, ванильді
қант пен тұзды шараға салып шайқаңыз.
Содан кейін жұмыртқаны бір-бірден
қосып, тағы да шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен
жүгері ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі
себілген пісірме табаққа құйып, үстін
тегістеңіз де, пешке қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін
араластырыңыз. Тортты алюминийден
жасалған жұқалтырға аударып салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін жұқалтырды
торттың шетіне қарай бүгіңіз. Торттың
бетін ағаш істікшемен тесіп, құйманы
жағыңыз. Содан кейін құймасы сіңуі үшін
тортты біраз уақытқа қоя тұрыңыз.
– Пеш ішіндегі уақыты: 75 минут
–Пеш деңгейі: 1
Swedish Cake
Құрамы:
•5 жұмыртқа
• 340 г қант
• 100 г еріген сары май
• 360 г ұн
• 1 қапшық қопсытқыш ұнтақ
• 1 қапшық ванильді қант
• 1 шөкім тұз
• 200 мл суық су
Басқа:
• 28 см дөңгелек серіппелі пісірме табақ,
түбіне пергамент қағаз төселген қара
тәрелке
Дайындау әдісі:
electrolux 21










