Recipe Book

Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
2
Assisted Cooking рецептері 12
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Акриламидке қатысты ақпарат
Өте маңызды! Соңғы ғылыми
жаңалықтарға сүйенсек, тағамды
(әсіресе, құрамында крахмалы бар)
қатты қызартып пісіргенде, денсаулыққа
акриламид себебінен туындайтын қатер
төнеді. Сондықтан, тағамды төмен
температурада, қатты қызартпай пісіруді
ұсынамыз.
Есіктің ішкі жағы
Пеш есігінің ішкі жағынан бірнеше
сөрелерді көресіз.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Пісіру
Жалпылама нұсқаулар
Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге
қарағанда, тағамды басқаша пісіруі
немесе қуыруы мүмкін. Өзіңіз әдетте
қолданатын параметрлерді
(температура, пісіру уақыттары) мен
сөре қатарларын кестедегі мәндерге
сәйкестендріп алыңыз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті пісіру
аяқталардан 10 минут бұрын өшіріп,
қалдық жылуды тиімді пайдалануға
болады.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің табақтары майысып қалуы
мүмкін. Табақтар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
Алғашында төмен температураны
қолдануды ұсынамыз.
Арнайы рецепттің параметрлерін
таппасаңыз, осы параметрлерге
неғұрлым ұқсас келетін параметрлерді
қолданыңыз.
Торттарды бірнеше қатарға қойып
пісірген кезде, пісіру уақыты 10-15
минутқа артуы мүмкін.
Биіктіктері әртүрлі торттар мен
кондитер өнімдері әдетте біркелкі
қызармайды. Бұндай жағдайда
температураны өзгертпеңіз. Бұл пісіру
барысында өз орнына келеді.
Пештің бір деңгейінде пісіру – Қалбырда пісіру
Пісіру түрі Пеш функциясы Деңгей Температура
(°C)
Уақыт
(сағ:мин)
Дөңгелек кекс
немесе тоқаш
Fan Cooking 1 150 - 160 0:50 - 1:10
Мадера сіңірілген
кекс/жеміс-жидек
торты
Fan Cooking 1 140 - 160 1:10 - 1:30
Бисквит торт Fan Cooking 1 140 0:25 - 0:40
Бисквит торт Conventional
Cooking
1 160 0:25 - 0:40
2 electrolux