User manual
Пісірілетін тағам Еттің қыртысының температурасы (°C)
Қойдың жамбасы 80 - 85
Қуырылған тоқты еті, тоқтының сирағы 75 - 80
Жабайы құс еті
Пісірілетін тағам Еттің қыртысының температурасы (°C)
Қоянның жамбасы 70 - 75
Қоянның сирағы 70 - 75
Тұтас қоян еті 70 - 75
Бұғының жамбасы 70 - 75
Бұғының сирағы 70 - 75
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді жəне
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарының
(жуғыш зат қослған жылы суға
батырылған шүберекпен
) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптама
бүлініп қалуы мүмкін!
Каталитті қабырғалар
Қабырғалар өздігінен тазаланатын
каталитті қаптамамен қапталған.
Бұндай қаптама пеш жұмыс істеп тұрған
кезде қабырғаға шашыраған майды
сіңіріп алады.
Пеш өздігінен тазалануы үшін
, ішіне
ешбір тағам салмай мезгіл-мезгіл
қыздырыңыз.
1. Пеш есігін ашыңыз. Пештің шамы
автоматты түрде жанады.
2. Пеш ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
3. Есікті жабыңыз.
4. Пеш функциясын орнатыңыз.
5. Пештің температурасын 250 °C
градусқа қойыңыз да, пешті 1 сағат
іске қосыңыз.
6. Пештің ішін жұмсақ, дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пештің каталитті қаптамасының
бетін пешке арналған спрей, түрпілі
тазалағыштар, сабын немесе басқа
тазалағыштармен тазаламаңыз.
Бұндай заттар каталитті
қаптаманың бетін бүлдіруі мүмкін.
Каталитті қаптама бетінің өңінің
кетуі, каталит көмегімен тазалауға
кедергі жасамайды.
Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
сөрелерін алып қоюға болады.
26 electrolux










