User manual

параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. " - " түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
Есіктің бекітпесі
Құрылғы зауыттан келгенде есігі
бекітілмей келеді.
Есіктің бекітпесін салу: Есіктің бекітпесін
өз орнына келгенше алға қарай
тартыңыз.
Есіктің бекітпесін ашу: Есіктің бекітпесін
панельге қарай басыңыз.
Құрылғының есігін ашу:
1.
Есіктің бекітпесін басып ұстап
тұрыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқан кезде
бекітпесін баспаңыз!
Өте маңызды! Құрылғыны өшіргенде
оның есігінің механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Есіктің ішкі жағы
Есіктің ішкі жағынан төмендегілерді
көресіз:
сөре қоюға арналған қатарлар саны
Пештің функциялары туралы ақпарат,
әдеттегі тағам түрлері үшін қолдануға
болатын сөре қатарлары мен
температура.
Кестеде көрсетілген температура
мен пісіру уақыттары тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген. Бұл
параметрлер тағамның рецептісіне,
қолданылған қоспалардың сапасы
мен мөлшеріне байланысты.
Пісіру
Жалпылама нұсқаулар
Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге
қарағанда, тағамды басқаша пісіруі
немесе қуыруы мүмкін. Өзіңіз әдетте
қолданатын параметрлерді
(температура, пісіру уақыттары) мен
сөре қатарларын кестедегі мәндерге
сәйкестендріп алыңыз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті пісіру
аяқталардан 10 минут бұрын өшіріп,
қалдық жылуды тиімді пайдалануға
болады.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің сөрелері майысып қалуы мүмкін.
Сөрелер суыған кезде майысқаны да
басылады.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
Алғашында төмен температураны
қолдануды ұсынамыз.
Арнайы рецепттің параметрлерін
таппасаңыз, осы параметрлерге
неғұрлым ұқсас келетін параметрлерді
қолданыңыз.
Торттарды бірнеше қатарға қойып
пісірген кезде, пісіру уақыты 10-15
минутқа артуы мүмкін.
8 electrolux