User manual

Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Қуыруға арналған терең
табаны пеш қатарларының біріндегі
бағыттағыш жолға кіргізіңіз.
Май сүзгісін орналастыру/алу
Май сүзгішті тағам қуырған кезде пештің
артқы қыздырғыш элементтеріне май
шашырамас үшін ғана қолданыңыз.
Май сүзгішті салу
Май сүзгішті ұстағышынан ұстап тұрып,
екі тірегішін пештің артқы
қабырғасындағы саңылауларға
(желдеткіш саңылауы) төмен қаратып
салыңыз.
Май сүзгішті алу
Май сүзгісін ұстағышынан ұстап тұрып,
босатып алып шығыңыз.
Ет сүңгісі
Ет сүңгісі еттің ішкі температурасын
өлшейді. Еттің температурасы
орнатылған температураға жеткен кезде
пеш автоматты түрде өшіп қалады.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Пеш температурасы: Қуыру кестесін
қараңыз
Ішкі температура: Ет сүңгісінің кестесін
қараңыз
Өте маңызды! Тек құрылғымен бірге
жеткізілген ет сүңгісін немесе тек
фирмалық бөлшектерді ғана
қолданыңыз
Назарыңызда болсын! Ет сүңгісі
ыстық! Күйіп қалу қауіпі бар! Ет
сүңгісін немесе оның ұштығын алған
кезде абай болыңыз.
1. Ет сүңгісінің ашасын пештің
жанындағы қабырғада орналасқан
розеткаға сұғыңыз.
2. Ет сүңгісінің ұшын еттің ортасына
бағыттап, барынша тереңдете
сұғыңыз.
3.
Таңдағыш түймешікті
ет сүңгісінің
шамы
жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
4. " + " / " - " түймешігінің көмегімен
қажетті ішкі температураны
орнатыңыз. Температураны 30°C мен
99°C аралығында орнатуыңызға
болады.
Кестеде ұсынылған мәндерді
қараңыз.
5. Қажетті пісіру функциясы мен
температураны орнату үшін басқару
түймешелерін қолданыңыз.
6. Еттің ішкі температурасы орнатылған
температураға жеткен кезде пеш
автоматты түрде өшіп қалады.
7. Ет сүңгісін алыңыз.
Ет жақсы піспесе, жоғарыдағы
әрекеттерді тағы бір рет жасаңыз және
ішкі температураны жоғары деңгейге
қойыңыз.
6 electrolux