User manual

2. Температура түймешесін
температурға қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған
кезде жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің
функцияларын басқаратын түймеше
мен температура түймешесін Off
қалпына қойыңыз.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Егер құрылғыны өшірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс жасап тұра береді.
Пеш функциясы
Пеш функциясы Қолданылуы
Шам Пештің ішін жарықтандыру үшін осы функцияны
қолданыңыз.
Шығырық тәрізді
қыздырғыш элементпен
конвекция арқылы пісіру
Пештің максимум үш қатарын қатар пайдаланып
пісіруге арналған. Пештің температурасын (20-40°C)
конвекциямен пісіретін функцияға қарағанда азайтып
қойыңыз. Сонымен қатар тағамды кептіруге арналған.
Пицца параметрлерін
орнату
Тағамды пештің бір қатарына қойып қатты қызартуға
және түбін қытырлақ етіп пісіруге арналған. Пештің
температурасын (20-40°C) конвекциямен пісіретін
функцияға қарағанда азайтып қойыңыз
Конвекция Пештің бір қатарында пісіру мен қуыруға арналған.
Астыңғы қызу Торттың түбін қытырлақ етіп пісіруге және тағам
консервлеуге арналған.
Еріту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Гриль Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің ортасына
қойып грильдеуге және тост нанын жасауға арналған.
Қос гриль Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан
гриль жасауға және тост нанын жасауға арналған.
Конвекциямен гриль
жасау
Еттің үлкен кесектерін не үй құсының етін бір қатарға
қойып қуыруға арналған. Сонымен қатар гратин жасау
мен тағамды қызартып пісіруге де арналған.
Пештің керек-жарақтарын орнату
Пештің алынбалы керек-жарақтарының
қос қырлы жиегін пештің артына келтіріп,
төмен қаратып салыңыз. Алынбалы
жабдықты пеш қатарларының біріндегі
бағыттағыш жолға кіргізіңіз.
Қуыруға арналған терең таба мен
пеш сөресінің екі қырлы жиегі бар.
Осы қырлар мен бағыттағыш
жолдардың пішімі пештің керек-
жарақтарын орындарынан
аударылып кетуден сақтайды.
electrolux 5