User manual

Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық
қызуга төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
Пештің шамын айырбастау (құрылғының
сол жағы) Шыны қалпағын тазалау
1. Сөренің сол жақ сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Шыны қалпақты алу үшін ұшы айқыш
бұрағышты қолданыңыз.
3. Шыны қалпақты жіңішке, ұшы доғал
затпен (мысалы, шай қасық) алыңыз
да, содан кейін тазалаңыз.
4. Қажет болса: Пештің жарықтама
шамын ауыстырыңыз.
Техникалық ақпарат: 300°C градус
қызуға төзімді.
5. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
6. Сөренің сол жақ сырғытпа жолын
салыңыз.
Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін алып барып тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Есіктің бетіне сызат түспес үшін
оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс
жерге қаратып қойыңыз.
Пеш есігін ағытып алу
1. Пеш есігін шегіне дейін ашыңыз.
electrolux 23