User manual

Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын
қаптамасын бүлдіреді!
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай отырып
салыңыз.
Маңызды! Сырғытпа жолдардың
доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Сөренің телескопиялық сырғытпалары
Сөренің телескопиялық сырғытпаларын
салу үшін, алдымен сөре жолдарын
алыңыз("Сырғытпа жолдарды алу"
тарауын қараңыз).
Телескопиялық сырғытпаларды салу
1.
Телескопиялық сырғытпаларды
қабырғаның артқы жағына салыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғаларға қарай
итеріңіз.
Өте маңызды!
Телескопиялық сырғытпалардағы
тежегіш білікшелердің алға қарап
тұрғанын тексеріңіз.
Телескопиялық сырғытпаларды алу
Телескопиялық сырғытпалар
әрекеттерді кері бағытта орындай
отырып алыңыз.
22 electrolux