User manual
Пештің керек-жарақтарын салу
Пісіруге арналған жайпақ табаны немесе
қуыруға арналған шұңғыл табаны
сырғытпаларға қойыңыз. Шеттеріндегі
саңылауларды сырғытпалардың
үстіндегі тіреуіш істікшелерге келтіріп
салыңыз.
Пеш сөресін сырғытпаларға тіреуіштерін
төмен қаратып салыңыз.
Сөренің көтеріңкі жиегі ыдыс сырғып
кетуге жол бермейт ін қосы мша құрал
болып табылады.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Пештің сөресі мен қуыру
табасын сырғытпалардың үстіне
қойыңыз. Шеттеріндегі саңылауларды
сырғытпалардың үстіндегі тіреуіш
істікшелерге келтіріп салыңыз.
Ет сүңгісі
Ет сүңгісі еттің ішкі температурасын
өлшейді. Еттің температурасы
орнатылған температураға жеткен кезде
пеш автоматты түрде өшіп қалады.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Пеш температурасы: Қуыру кестесін
қараңыз
• Ішкі температура: Ет сүңгісінің кестесін
қараңыз
Өте маңызды! Тек құрылғымен бірге
жеткізілген ет сүңгісін немесе тек
фирмалық бөлшектерді ғана
қолданыңыз
Назарыңызда болсын! Ет сүңгісі
ыстық! Күйіп қалу қауіпі бар! Ет
сүңгісін немесе оның ұштығын алған
кезде абай болыңыз.
1. Ет сүңгісінің ашасын пештің
жанындағы қабырғада орналасқан
розеткаға сұғыңыз.
2. Ет сүңгісінің ұшын еттің ортасына
бағыттап, барынша тереңдете
сұғыңыз.
1
2
electrolux 7










