User manual
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не " -
" түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) бірге орнатуға
болмайды.
Пешті қолдану үшін түймешікті басу
керек. Түймешік өз қалпына келеді.
Пешті іске қосу және ажырату
1. Пеш функцияларын басқару
түймешігін пеш функциясына
бұраңыз.
2. Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде қуат
индикаторы жанады.
Пеш температурасы көтерілген кезде
температура шамы жанады.
3. Пешті сөндіру үшін пеш
функцияларын басқару түймешігін
және температураны басқару
түймешігін ажырату қалпына
бұраңыз.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Егер құрылғыны өшірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс жасап тұра береді.
Oven Functions
Пеш функциясы Қолданылуы
Шам Осы функциясын пештің ішін жарықтандыру үшін
пайдаланыңыз.
Қыздырғыш элемент
арқылы дәстүрлі жолмен
пісіру
Бір мезетте ең көбі үш пеш деңгейінде пісіру үшін. Пеш
температураларын (20-40 °C) әдеттегіден азайтыңыз.
Және тағамды құрғату үшін.
Пицца параметрі Пештің бір деңгейінде сыртын көбірек қызартып әрі
кіртілдек етіп пісіру үшін. Пеш температураларын (20-40
°C) әдеттегіден азайтыңыз
Тамақ пісірудің дәстүрлі
түрі
Пештің бір деңгейінде пісіру және қызарғанша қуыру
үшін.
Астыңғы қызу Кіртілдек әрі қыртысы қатты кекстерді пісіру және
тамақты сақтау үшін.
Ерiту Мұзтадылған тағамды жібіту үшін.
Гриль Жайпақ тағамды грильдің ортасында пісіру және сәл
қуыру үшін.
Бүтін қақтама Жайпақ тағамды көп мөлшерде пісіру және сәл қуыру
үшін.
Дәстүрлі жолмен гриль
жасау
Ет пен құс етін көп мөлшерде бір деңгейде қызартып
пісіру үшін. Және аунатып әрі қызарғанша қуыру үшін.
6 electrolux










