User manual

тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғының жұмысына
әсер етпейді.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.
•Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тіпті грильге пісірген кезде де
құрылғының есігін жауып қойыңыз.
Күтіп ұстау және тазалау
Құрылғыны жуып-тазалардың
алдында өшіріп, электр желісінен
ағытыңыз.
Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
және мүлікке зиян келтірмеу үшін,
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен,
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен және дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз . Май сүзгісі не (егер болса),
қыздырғыш элементтер мен
термореле сенсорлық құралына
бүріккіш зат қолданбаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер
болса).
Пеш шамы
Пештің шамын ауыстырар алдында
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар!
Қызмет көрсету орталығы
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін
–Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермеу үшін
қажет. Тұншығып кету қатері бар.
4 electrolux