User manual
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай отырып
салыңыз.
Маңызды! Сырғытпа жолдардың
доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Сөренің телескопиялық сырғытпалары
Сөренің телескопиялық сырғытпаларын
салу үшін, алдымен сөре жолдарын
алыңыз("Сырғытпа жолдарды алу"
тарауын қараңыз).
Телескопиялық сырғытпаларды салу
1.
Телескопиялық сырғытпаларды
қабырғаның артқы жағына салыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғаларға қарай
итеріңіз.
Өте маңызды!
Телескопиялық сырғытпалардағы
тежегіш білікшелердің алға қарап
тұрғанын тексеріңіз.
Телескопиялық сырғытпаларды алу
Телескопиялық сырғытпалар
әрекеттерді кері бағытта орындай
отырып алыңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пеш шамын ауыстыру/шыны қақпақты
тазалау
1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Пеш шамын қолданылатын 300°C
ыстыққа төзімді пеш шамымен
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Пештің шамын айырбастау (құрылғының
сол жағы) Шыны қалпағын тазалау
1. Сөренің сол жақ сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Шыны қалпақты алу үшін ұшы айқыш
бұрағышты қолданыңыз.
24 electrolux










