User manual
Өте маңызды! Есік жақтауының (B) ашық
жағында бағыттағыш жол (C) бар. Бұны
есіктің сыртқы панелі мен бағыттағыш
жол бұрышының (D) арасына қарай
итеру қажет. Қапсырма тығыздауышты
(E) сырт еткізіп орнына салу қажет.
C
D
E
Пеш есігін ашу үшін.
1. Тұтқаны басып тұрыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
Пеш есігін жабу үшін.
Есікті тұтқаны баспастан жабыңыз.
Есік бекітпесін ағыту үшін
Есік бекітпесін ағытып қою үшін тұтқаны
қайтадан оңға қарай жылжыту қажет.
Жоғарыда айтылған әрекеттерді
орындаңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны сөндіргенде
оның есігінің механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Акриламидке қатысты ақпарат
Өте маңызды! Соңғы ғылыми
жаңалықтарға сүйенсек, тағамды
(әсіресе, құрамында крахмалы бар)
қатты қызартып пісіргенде, денсаулыққа
акриламид себебінен туындайтын қатер
төнеді. Сондықтан, тағамды төмен
температурада, қатты қызартпай пісіруді
ұсынамыз.
Есіктің ішкі жағы
Есіктің ішкі жағынан төмендегілерді
көресіз:
• сөре қоюға арналған қатарлар саны
• Пештің функциялары туралы ақпарат,
әдеттегі тағам түрлері үшін қолдануға
болатын сөре қатарлары мен
температура.
Кестеде көрсетілген температура
мен пісіру уақыттары тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген. Бұл
параметрлер тағамның рецептісіне,
қолданылған қоспалардың сапасы
мен мөлшеріне байланысты.
Пісіру
Жалпылама нұсқаулар
• Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге
қарағанда, тағамды басқаша пісіруі
немесе қуыруы мүмкін. Өзіңіз әдетте
қолданатын параметрлерді
(температура, пісіру уақыттары) мен
сөре қатарларын кестедегі мәндерге
сәйкестендріп алыңыз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті пісіру
аяқталардан 10 минут бұрын өшіріп,
қалдық жылуды тиімді пайдалануға
болады.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің сөрелері майысып қалуы мүмкін.
Сөрелер суыған кезде майысқаны да
басылады.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
• Алғашында төмен температураны
қолдануды ұсынамыз.
• Арнайы рецепттің параметрлерін
таппасаңыз, осы параметрлерге
неғұрлым ұқсас келетін параметрлерді
қолданыңыз.
• Торттарды бірнеше қатарға қойып
пісірген кезде, пісіру уақыты 10-15
минутқа артуы мүмкін.
10 electrolux










