User manual

Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ШАМЫ
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға арналған жарықтама
шамы немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін пайдаланбаңыз.
Егер шамды ауыстыру
қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Адам жарақаттанып
немесе мүлікке
зиян келмес үшін
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермеу
үшін қажет. Тұншығып кету қатері
бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
7
8
9
11
1
10
12
2 3 4 5 6
1
Басқару панелі
2
Температураны басқару тетігі
3
Температура индикаторы
4
Бейнебет
5
Қуат индикаторы
6
Тұмшапеш функциясын басқару
тетігі
7
Желдеткіштің ауа шығатын
саңылаулары
8
Гриль
9
Тұмшапештің шамы
10
Желдеткіш
11
Сөре сырғытпалары
12
Техникалық ақпарат тақтайшасы
ПЕШ ЖАБДЫҚТАРЫ
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
electrolux 5