User manual
• Құрылғыны бірінші рет
пайдаланардан бұрын барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алып тастаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды
күшінен айырады.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды
(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды
қайта өңдеу бойынша ережелер,
электр не газ қауіпсіздігі ережелері
т.с.с.) мұқият орындаңыз.
• Құрылғыны орнатардың алдында,
ашасының
розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны ешқашан
тұтқасынан тартпаңыз.
• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(
ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электр қатерінен сақтандыратын
құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.
• Орнатардың алдында ас үй жиһазы
мен құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғының арт жағы мен бір жақ
жанын, биігірек құрылғыға
жанастырып орнатыңыз. Керісінше
екінші жағын, биіктігі бірдей
құрылғыға қатарластыра орнату
қажет.
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
• Кіріктірілген пештер мен пештің үсті,
арнаулы қосылым жүйелерінің
көмегімен орнатылады. Құрылғыға
нұқсан келмес үшін, тек бір өндіруші
өндірген құрылғыларды ғана бірге
пайдаланыңыз.
ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫМЫ
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
•
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
• Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы
. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта
қолданбаңыз.
electrolux 3










