User manual
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
ЕСІКТІҢ ТЫҒЫЗДАҒЫШЫН ТАЗАЛАУ
• Есіктің тығыздағышын уақытылы
тазалаңыз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапештің жақтауын айнала
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келген жағдайда құрылғыны
іске қоспаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпы
ақпаратты
қараңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ШАМЫ
Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі
бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің
табанына шүберек төсеңіз.
1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300°C қызуға
төзімді, параметрлері дəл келетін
тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
СӨРЕНІҢ СЫРҒЫТПА ЖОЛДАРЫ
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сырғытпа
жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын алу
үшін сырғытпа жолдарды бүйір
қабырғаның артқы жағынан
тартыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды кері ретпен
салыңыз.
Өте маңызды! Телескопиялық
сырғытпалардағы тежегіш
білікшелердің алға қарап тұрғанын
тексеріңіз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ЕСІГІН ТАЗАЛАУ
Тұмшапештің есігі екі шыны қабаттан
тұрады. Тұмшапештің есігін жəне ішкі
шыны панелін алып тазалауыңызға
болады.
Тұмшапештің есігі мен шыны панелін
алу
1. Есікті толық ашыңыз да, топсаны
есіктің сол жағына белгілеңіз.
16 electrolux










