User manual
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
• Құрылғы ауаны айналдыруға жəне
буды үздіксіз айналдыруға арналған
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын
қытырлақ етіп пісіре аласыз. Бұл
функция пісіру уақыты мен қуат
шығынын барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін.
Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне құрылғының
бөлшектерін тағам пісірген кезде
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нəтижесіне əсер етіп, пештің
кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін
.
ТОРТТАРДЫ ПІСІРУ
• Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
• Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
БАЛЫҚ ПЕН ЕТТІ ПІСІРУ
• Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде
ет
өте кебір болып піседі.
• Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында
орнатыңыз.
• Үй құсының еті не балық тəрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
• Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай
тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТТАРЫ
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне
тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
табыңыз.
ПІСІРУ ЖƏНЕ ҚУЫРУ КЕСТЕСІ
ТОРТТАР
ТАҒАМ
ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен
желпіп
пісіру
Желдеткіш
арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңг
ей
Темп
. [°C]
Деңг
ей
Темп
. [°C]
Деңг
ей
Темп
. [°C]
Шайқап
пісіру
рецептері
2 170 2 (1
жəне
3)
160 2 (1
жəне
3)
165 45-60 Тортқа арналған
қалыпта
10 electrolux










