User manual

тырыспаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Назарыңызда болсын! Тағамды
пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде
де әрқашан пеш есігін жауып отыру
қажет.
Пісіру табалары, кәстрөлдер т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның
табанына қоймаңыз.
Пештің сырын кетіріп алмас үшін
оның керек-жарақтарын салып, не
алып жатқан кезде абай болыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре
қатарларын пештің астынан бастап
санаңыз.
Әртүрлі тағамдарды пештің екі
қатарына қойып, бір мезгілде
пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші
және 3-ші қатарға қойыңыз.
Пеш ауаны үздіксіз айдап және буды
тұрақты айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын
қытырлақ күйде сақтайды. Сондай-ақ,
бұл тамақты пісіретін уақыт пен
қуаттың тұтынылатын мөлшерін
барынша азайтады.
Пештің ішіне не есігінің шынысына
конденсат жиналуы мүмкін. Бұл әбден
қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп
жатқан кезде есікті әрқашан артқа
шегініп барып ашыңыз. Бу конденсаты
аз жиналу үшін пешті тағамды пісірмей
тұрып 10 минуттай қыздырып алыңыз.
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын сүртіп алып отырыңыз.
Сөренің телескопиялық тірегіштері
2-ші және 4-ші сөре қатарларына
телескопиялық сөре тірегіштер
орнатылған. Телескопиялық сөре
тірегіштер көмегімен сөрелерді оңай
кіргізіп, оңай алуға болады.
1. Оң және сол жақтағы телескопиялық
сөре тірегіштерді түгелдей тартып
шығарып алыңыз.
°C
2. Сөрені телескопиялық сөре
тірегіштерге қойыңыз да, оларды
пештің ішіне қарай еппен итеріңіз.
°C
Назарыңызда болсын!
Телескопиялық сөре тірегіштер пеш
ішіне әбден кірігіп тұрмаса, пеш
есігін жаппаңыз. Бұл пештің сыры
мен шынысын бүлдіруі мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
іске қосқан кезде телескопиялық
сөре тірегіштер мен басқа да керек-
жарақтар қатты қызып кетеді. Пешке
арналған қолғап не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
8 electrolux