User manual

Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне
сай жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы кернеу мен қуат
мәндерінің құрылғы жалғанатын
желідегі кернеу мен қуат мәндеріне
сай келетіндігін тексеріңіз.
Құрылғы ашасы жоқ қорек сымымен
бірге жеткізіледі.
Электр компоненттерінің кез келгенін
тек қызмет көрсету орталығының
қызметкері не білікті маман ғана
орнатуға не ауыстыруға тиіс.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды,
қосқыштарды және ұзартқыш
кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу
қатері бар.
Құрылғыны орнатып болған соң да
қорек сымының ашасына қол
жететіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
Құрылғыны электр желісіне автоматты
айырып-қосқыштар,
сақтандырғыштар, ажыратқыштар
тәрізді құрылғыны желіден
ажырататын құралдар
көмегімен,олардың контакттарының
арасына кем дегенде 3 мм қалдыра
отырып жалғау қажет.
Кернеуге қатысты ақпарат техникалық
ақпарат ("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) тақтайшасында берілген.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Құрылғыны орау үшін қолданылған
материалдардың қоршаған ортаға
зияны жоқ әрі оларды қайта
өңдеуден өткізуге болады. Пластик
элементтерге мысалы, PE, PS, т.с.с
таңбаламалар салынған. Орам
материалдарын тұрмыстық
қалдықтарды тастайтын жердегі
тиісті жәшіктерге салып тастаңыз.
Құрылғы сатылған соң көрсетілетін қызмет
Сізге жылдам көмек көрсету үшін
төмендегі ақпараттар қажет:
Құрылғы үлгісінің сипаттамасы............
Өнім нөмірі (PNC)............
Сериялық номері (S no.)..........
Кернеуге қатысты ақпарат техникалық
ақпарат("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) тақтайшасында берілген.
Құрылғыны теріс іске қосқан
жағдайда не оны уәкілетті инженер
орнатпаған жағдайда, қызмет
көрсету орталығының маманы не
дилерді шақыру, құрылғының
кепілдік шарты аяқталмаса да ақылы
болуы мүмкін.
electrolux 17