User manual
6. 2 бекіткіш тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
7. Шыны панельді еппен көтеріп,
орнынан алыңыз.
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер және өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнына қою
Тазалау жұмысы аяқталған соң, шыны
панель мен пеш есігін орындарына
қойыңыз. Орындарына қою үшін
әрекеттерді кері тәртіпте орындаңыз.
Жиегі безендірілген ішкі панельдің
бедері бар бетін пештің сыртына қарата
орнату қажет. Егер панельдің бетін
сипағанда еш бұдыр сезілмесе, бұл
шыны панель бетінің дұрыс
орнатылғандығын білдіреді.
Ішкі шыны панельді орнына суретте
көрсетілгендей дұрыс орнатыңыз.
Пештің тот баспайтын болат не
алюминий беттері бар үлгілері
Пештің тот баспайтын болат не
алюминий беттері бар үлгілерінің есігі
мен басқару панелін тек дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз. Содан кейін,
жұмсақ матамен мұқият құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар құрылғының бетін бүлдіреді.
electrolux 13










