User manual

Ақаулық Ақаулық шешімін табу
Бу мен конденсат тағамның үстіне және
пештің ішіне жиналады.
Тағамды пісіріп болған соң оларды пеш
ішінде 15-20 минуттан артық тұрып қалуына
жол бермеңіз.
Сағат ШАМЫ жыпылықтаған кезде
бейнебетте "12.00" пайда болады.
Уақытты қайта орнатыңыз.
Ақаулық орын алса, оның шешімін
алдымен өзіңіз табуға тырысыңыз.
Ақаулықты түзететін шешімді өзіңіз таба
алмасаңыз, өз дилеріңізге не қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Орнату
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек уәкілетті қызметкер не білікті
маман ғана орнатуға тиіс. Уәкілетті
қызметкер не білікті маманды
шақырмасаңыз, ақаулық орын алған
кезде құрылғы кепілдігі жарамсыз
болып қалады.
Құрылғыны ас үй қаптамасына
орнатпай тұрып, оның өлшемдері мен
құрылғы өлшемдерінің өзара сай
келетіндігін тексеріңіз.
Орнатқан кезде электр қатерінен
сақтандыратын құралдың болуына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының ток көзіне қосылған және
қорғаныс қаптамасы бар
бөлшектерінің барлығын электр
қатерінен сақтандыратын құралдарды,
қолданыстағы ережелерге сай,
инструмент көмегінсіз
шешілмейтіндей етіп бекіту қажет.
Бұл құрылғының арт жағын және бір
жақ жанын бұдан биігірек құрылғы не
қабырғаның қасына жапсарластыра
орнатуға болады. Екінші жанын,
керісінше биіктігі осы құрылғының
биіктігімен бірдей құрылғы не жиһазға
жақын қатарластыра орнату қажет.
Кіріктіре орнатылған құрылғы
DIN68930 қауіпсіздік ережелеріне сай
келу керек.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті
арнаулы қосылым жүйелерімен
жабдықталған. Қауіпсіздік мақсатында
бұл құрылғыларыды тек осы
құрылғыларды өндірген өндірушінің
бұйымдарымен қоса пайдалану керек.
594
2
20
570
590
540
560
50
580
550 min
560÷570
electrolux 15