User manual

Назарыңызда болсын! Шыны есікті
жеміргіш заттармен немесе металл
қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панель бетінің қызуға
төзімділігі төмендеуі мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту! Пеш
бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз.
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай
отырып салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінің артында бірі
орнатылған екі шыны панель бар.
Шыны панельдерді алып тазалауға
болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панельді алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
electrolux 9