User manual
3. 5 секундтан кейін сағат кері санақты
бастайды.
4. Кері санақ аяқталған кезде,
сигналды өшіру үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
Ет сүңгісі
Ет сүңгісі еттің ішкі температурасын
өлшейді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Пеш температурасы: Қуыру кестесін
қараңыз
• Ішкі температура: Ет сүңгісі кестесін
қараңыз
Өте маңызды! Тек құрылғымен бірге
жеткізілген ет сүңгісін немесе
фирмалық қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз
Назарыңызда болсын! Ет сүңгісі
ыстық! Күйіп қалу қатері бар! Ет
сүңгісінің ұштығы мен ашасын
алған кезде абай болыңыз.
Ет сүңгісін қолдану:
1. Ет сүңгісінің ашасын пештің бүйір
қабырғасындағы розеткаға сұғыңыз.
Ет сүңгісінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Ет сүңгісінің ұшын еттің ортасына
бағыттап, барынша тереңдете
сұғыңыз.
1
2
3. Ішкі температураны орнату үшін + "
немесе " - " түймешігін қолданыңыз.
Температураны 30°C градустан 99°C
градусқа дейін орнатуға болады.
Кестедегі мәндерді қараңыз.
4. Пеште пісіру функциясы мен
температураны орнату үшін басқару
тетіктерін қолданыңыз.
5. Еттің ішкі температурасы
орнатылған температураға жеткен
кезде, электрондық сигнал естіледі.
Сигналды кез келген түймешікті
басып тоқтатыңыз.
6. Пешті сөндіріңіз де, ет сүңгісін
алыңыз.
Ет жақсы піспесе, жоғарыдағы
әрекеттерді тағы қайталаңыз да, ішкі
температураны жоғары деңгейге
қойыңыз.
Есіктің механикалық бекітпесі
Құрылғы жеткізілген кезде есіктің
бекітпесі салынбаған күйде келеді.
Есік бекітпесін салу және ажырату
1. Есік жақтаушасының (B) үстіңгі
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз. Содан соң
есіктің жақтауын жоғары қарай
тартып алыңыз.
2
B
1
2. Қосу үшін "a" қадамын орындаңыз.
Ажырату үшін "b" қадамын
орындаңыз.
a) Есік бекітпесін іске қосу: Тұстаны
алыңыз (1) да, солға (2) қарай 4
мм жылжытып, қайтадан салыңыз
(3).
3
1
2
b) Есік бекітпесін ағыту:
Тұтқаны ағытыңыз: Тұтқаны
алыңыз (1).
8 electrolux










