User manual
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде Уақыт
функциясының индикаторы автоматты
түрде жыпылықтайды. 2-ші қадамға
барыңыз.
1. Уақытты өзгерту үшін " + " және " - "
түймешіктерін Уақыт индикаторы
жыпылықтағанша қатар басыңыз.
2. Уақытты " + " не " - " түймешігімен
орнатыңыз.
3. 5 секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты
көрсетіледі.
Уақыт функциясы қосылып
тұрғанда, ағымдық уақытты өзгерту
мүмкін емес.
Құрылғыны іске қосу үшін басқару
тетігін басыңыз. Басқару тетігі бері
шығады.
Пешті іске қосу және ажырату
1. Пеш функцияларын басқару
түймешігін пеш функциясына
бұраңыз.
2. Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде қуат
индикаторы жанады.
Пеш температурасы көтерілген
кезде температура шамы жанады.
3. Пешті сөндіру үшін пеш
функцияларын басқару түймешігін
және температураны басқару
түймешігін ажырату қалпына
бұраңыз.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Егер құрылғыны өшірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс жасап тұра береді.
Пештің функциялары
Пеш функциясы Қолданылуы
ЖАРЫҚ Осы функциясын пештің ішін жарықтандыру үшін
пайдаланыңыз.
Конвекция Бір мезетте ең көбі екі пеш деңгейінде пісіруге арналған.
Пештің температурасын (20-40°C) дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан төменірек қойыңыз. Тағамды
кептіруге арналған.
Тамақ пісірудің
дәстүрлі түрі
Пештің бір деңгейінде пісіру және қызарғанша қуыру үшін.
Астыңғы қызу Кіртілдек әрі қыртысы қатты торттарды пісіру және
тамақты консервілеу үшін.
Бүтін қақтама Жайпақ тағамды көп мөлшерде пісіру және сәл қуыру
үшін.
Дәстүрлі жолмен
гриль жасау
Ет пен құс етін көп мөлшерде бір деңгейде қызартып
пісіру үшін. Және аунатып қуыру үшін.
Пештің керек-жарақтарын орнату
Пештің алынбалы керек-жарақтарының
қос қырлы жиегін пештің артына
келтіріп, төмен қаратып салыңыз.
Алынбалы жабдықты пеш
қатарларының біріндегі бағыттағыш
жолға кіргізіңіз.
Қуыруға арналған терең таба мен
пеш сөресінің екі қырлы жиегі бар.
Осы қырлар мен бағыттағыш
жолдардың пішімі пештің керек-
жарақтарын орындарынан
аударылып кетуден сақтайды.
6 electrolux










