User manual
Қыздырғыш элементті орнату
1. Қыздырғыш элементті кері ретпен
орнатыңыз.
Өте маңызды! Қыздырғыш элементті
тұмшапештің ішкі қабырғасындағы
тіреуіштің үстіңгі екі жағына дұрыс
орнатыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын
орнатыңыз.
Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін тазалау үшін оны шешіп
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Пештің есігін ағытып алу
1. Пештің есігін барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша жоғары
көтеріңіз.
A
A
3. Пештің есігін оның бастапқы
қалпына дейін жабыңыз (шамамен
45°).
45°
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып
шығарыңыз.
Есіктің бетіне сызат түспес үшін
оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс
жерге қаратып қойыңыз.
5. Енді ішкі шыны панельдерін алып
тазалауыңызға болады.
Есікті орнату үшін осы әрекеттерді
кері ретпен жасаңыз.
Пештің есігінде 2, 3 немесе 4 (үлгі
түріне байланысты) шыны панель
бар.
Есіктің шыны панельдерін алу және
тазалау
1. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
2
B
1
2. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
20 electrolux










