User manual

Кептірілетін тағам Температура
, °C
Сөре деңгейі Уақыт, сағ.
(нұсқаулар)
1 деңгей 2 деңгей
Сары өрік 60 - 70 3 1 / 4 8 - 10
Алма тілімдері 60 - 70 3 1 / 4 6 - 8
Алмұрт 60 - 70 3 1 / 4 6 - 9
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі
бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің
табанына шүберек төсеңіз.
1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300°C қызуға
төзімді, параметрлері дәл келетін
тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
оның төбесіндегі қыздырғыш элементті
төмен қайырып қоюға болады.
Назарыңызда болсын! Қыздырғыш
элементті төмен қайырмай тұрып
құрылғыны сөндіріңіз. Құрылғының
салқын тұрғанына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөренің сырғытпа жолдарын алыңыз.
2. Қыздырғыш элементтің алдыңғы
жағынан екі қолмен ұстаңыз
3. Оны серіппенің күшіне қарсы алға
тартыңыз да, екі жағындағы
тіреуіштерімен қоса алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға
дайын.
electrolux 19