User manual
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды əрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
• Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын ауыстыру
1. Шамның қақпағын пештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қақпағын алу үшін сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамның орнына 300°C қызуға
төзімді пеш шамын салыңыз.
Өте маңызды! Пеш шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің
төбесін оңай тазалау үшін
оның төбесіндегі қыздырғыш элементті
төмен қайырып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Қыздырғыш элементті төмен
қайырмай тұрып құрылғыны
сөндіріңіз. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөренің сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Қыздырғыш элементтің алдыңғы
жағынан екі қолмен ұстаңыз
3. Оны серіппенің күшіне қарсы алға
тартыңыз да, екі жағындағы
тіреуіштерімен қоса алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға
дайын.
electrolux 19










