User manual

Пештің қай функциясын қолдануға
болатынын көру үшін Күнделікті
қолдану тарауындағы пеш
функцияларының тізімін қараңыз.
Тағам Жібіту уақыты
(мин.)
Қосымша жібіту
уақыты (мин.)
Түсіндірме
Тауық еті, 1,000 г 100-140 20-30 Тауық етін үлкен
тəрелкеге
төңкерілген
табақшаның үстіне
қойыңыз. Жібітудің
орта тұсында
аударыңыз
Ет, 1000г 100-140 20-30 Орта тұсында
аударыңыз
Ет, 500г 90-120 20-30 Орта тұсында
аударыңыз
Бақтақ, 150 г 25-35 10-15 -------
Құлпынай, 300 г 30-40 10-20 -------
Сарымай, 250г 30-40 10-15 -------
Кілегей, 2 x 200 г 80-100 10-15 Кілегейдің кейбір
жерлері сəл
тоңазыса да, оны
шайқауға болады
Печенье, 1400 г 60 60 -------
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді жəне
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының
(жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
18 electrolux