User manual
4. Пеште пісіру функциясы мен
температураны орнату үшін басқару
тетіктерін қолданыңыз.
5. Еттің ішкі температурасы
орнатылған температураға жеткен
кезде, электрондық сигнал естіледі.
Сигналды кез келген түймешікті
басып тоқтатыңыз.
6. Пешті сөндіріңіз де, ет сүңгісін
алыңыз.
Ет жақсы піспесе, жоғарыдағы
әрекеттерді тағы қайталаңыз да, ішкі
температураны жоғары деңгейге
қойыңыз.
Бейнебет
1 2 3
56
4
1 Минут операторының индикаторы
2 Ет сүңгісінің индикаторы
3 Уақыт бейнебеті
4 Таймер функциясының индикаторы
5 " + " түймешігі
6 " - " түймешігі
Минут операторы функциясы
Бұл функция пеш жұмысына әсер
етпейді.
Минут операторы функциясын орнату
1. + немесе - түймешігін басыңыз.
2. Уақытты + немесе - түймешігінің
көмегімен орнатыңыз (ең көп уақыт -
2 сағат 30 минут).
3. 5 секундтан кейін сағат кері санақты
бастайды.
4. Кері санақ аяқталған кезде,
сигналды өшіру үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. " - " түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге,
олардың құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты болады.
Пісіру
Жалпылама нұсқаулар
• Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге
қарағанда, тағамды басқаша пісіруі
немесе қуыруы мүмкін. Өзіңіз әдетте
қолданатын параметрлерді
(температура, пісіру уақыттары) мен
сөре қатарларын кестедегі мәндерге
сәйкестендріп алыңыз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті пісіру
аяқталардан 10 минут бұрын өшіріп,
қалдық жылуды тиімді пайдалануға
болады.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің табақтары майысып қалуы
мүмкін. Табақтар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
• Алғашында төмен температураны
қолдануды ұсынамыз.
• Арнайы рецепттің параметрлерін
таппасаңыз, осы параметрлерге
неғұрлым ұқсас келетін
параметрлерді қолданыңыз.
• Торттарды бірнеше қатарға қойып
пісірген кезде, пісіру уақыты 10-15
минутқа артуы мүмкін.
• Биіктіктері әртүрлі торттар мен
кондитер өнімдері әдетте біркелкі
қызармайды. Бұндай жағдайда
температураны өзгертпеңіз. Бұл
пісіру барысында өз орнына келеді.
8 electrolux










