User manual
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Дәстүрлі жолмен
гриль жасау
Ет пен құс етін көп мөлшерде бір деңгейде қызартып
пісіруге арналған. Және гратин жасау үшін.
Пештің керек-жарақтарын орнату
Пештің алынбалы керек-жарақтарының
қос қырлы жиегін пештің артына
келтіріп, төмен қаратып салыңыз.
Алынбалы жабдықты пеш
қатарларының біріндегі бағыттағыш
жолға кіргізіңіз.
Қуыруға арналған терең таба мен
пеш сөресінің екі қырлы жиегі бар.
Осы қырлар мен бағыттағыш
жолдардың пішімі пештің керек-
жарақтарын орындарынан
аударылып кетуден сақтайды.
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Қуыруға арналған терең
табаны пеш қатарларының біріндегі
бағыттағыш жолға кіргізіңіз.
Ет сүңгісі
Ет сүңгісі еттің ішкі температурасын
өлшейді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Пеш температурасы: Қуыру кестесін
қараңыз
• Ішкі температура: Ет сүңгісі кестесін
қараңыз
Өте маңызды! Тек құрылғымен бірге
жеткізілген ет сүңгісін немесе
фирмалық қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз
Назарыңызда болсын! Ет сүңгісі
ыстық! Күйіп қалу қатері бар! Ет
сүңгісінің ұштығы мен ашасын
алған кезде абай болыңыз.
Ет сүңгісін қолдану:
1. Ет сүңгісінің ашасын пештің бүйір
қабырғасындағы розеткаға сұғыңыз.
Ет сүңгісінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Ет сүңгісінің ұшын еттің ортасына
бағыттап, барынша тереңдете
сұғыңыз.
1
2
3. Ішкі температураны орнату үшін + "
немесе " - " түймешігін қолданыңыз.
Температураны 30°C градустан 99°C
градусқа дейін орнатуға болады.
Кестедегі мәндерді қараңыз.
electrolux 7










