Basic Guide
1. Mode түймешігін Action Freeze
индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Action Freeze индикаторы өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына келтіріледі.
Өте маңызды! Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
Жоғары температураны ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның температурасының
көтерілуі (мысалы, электр қуаты үзіліп қалуы
себепті) төмендегілер арқылы көрсетіледі:
• ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
1. Кез келген түймешікті басыңыз.
2. Дыбыстық сигнал ажыратылады.
3. Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны
бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін
орнатылған температураны қайтадан
көрсетеді.
4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар
қалпына келгенше жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту
индикаторы сөнеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал
сабын салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету, мысалы
электр қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт
бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып
барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң)
қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
Ауаны салқындату
ClimaTech технологиясы тағамды жылдам
суытады және камера температурасын
біркелкі ұстайды.
Бұл құрал тағамды жылдам суытып, камера
температурасын барынша біркелкі ұстауға
мүмкіндік береді.
electrolux 7










