Basic Guide

Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Қосымша ылғалдылық индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Қосымша ылғалдылық индикаторы өшеді.
Демалыс функциясы
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болмастан
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Өте маңызды! Демалыс функциясы іске
қосулы тұрғанда, тоңазытқыш камерасы бос
болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Демалыс индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
бірнеше секунд көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Демалыс индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Демалыс индикаторы жыпылықтағанша
Mode түймешігін басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Демалыс индикаторы өшеді.
4. Егер Eco Mode функциясы алдын ала
таңдалған болса, ол қалпына келтіріледі.
Өте маңызды! Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
Drinks Chill функциясы
Мұздатқыш камераға шөлмектерді қойған
кезде, Drinks Chill функциясы қауіпсіздік
туралы ескерту міндетін атқарады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Drinks Chill индикаторы жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30 минут)
бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90
минут аралығында өзгерту үшін таймер
тетігін басыңыз.
3. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Drinks Chill индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды.
Кері санақ аяқталғанда, Drinks Chill
индикаторы жыпылықтап, дыбыстық сигнал
естіледі:
1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды
алыңыз.
2. Функцияны ажыратыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін Drinks Chill индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Drinks Chill индикаторы өшеді.
Функцияны кез келген уақытта ажыратуға
болады.
Шопинг функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін Шопинг функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
бірнеше секунд көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы көрсетіледі.
Шопинг функциясы шамамен 6 сағат уақыт
өткенде автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1. Шопинг индикаторы жыпылықтағанша
Mode түймешігін басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Шопинг индикаторы өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына келтіріледі.
Өте маңызды! Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
Action Freeze функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы жыпылықтайды.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы белгішесін бірнеше секунд
көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы көрсетіледі.
Анимация басталады.
Бұл функция 52 сағат өткенде автоматты
түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
6 electrolux