Basic Guide
2. Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
3. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы
сигнал береді.
Ескерту құралын бастапқы қалпына
қайтару үшін, "Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
4. Температура индикаторы бастапқы
орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған температураның басқа түрін
таңдау үшін, "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд
басыңыз.
2. Бейнебет сөнеді.
3. Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін,
ашаны розеткадан суырыңыз.
Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш индикаторында үзік
сызықшалар көрінеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
көрсетіледі.
Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1. Тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігін басыңыз.
Немесе:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
өшеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Температураны реттеу
Тоңазытқыш пен мұздатқыштың орнатылған
температурасын температура түймешігін
басып реттеуге болады.
Орнатылған әдепкі температура:
• тоңазытқыш үшін +5°C
• мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары орнатылған
температураны көрсетеді.
Өте маңызды! Әдепкі температураны қайта
келтіру үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Орнатылған температураның бірнеше
градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл
құрылғыда ақаулық бар дегенді білдірмейді.
Өте маңызды! Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы қалады.
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін Eco
Mode функциясын таңдаңыз. " Eco Mode
функциясы" тарауын қараңыз.
Eco Mode функциясы
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін Eco
Mode функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны бірнеше секунд көрсетеді:
– тоңазытқыш үшін: +5°C
– мұздатқыш үшін: -18°C
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін Eco Mode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Eco Mode индикаторы сөнеді.
Өте маңызды! Функция басқа орнатылған
температураны таңдау арқылы
ажыратылады.
Балалар құлпы функциясы
Түймешіктер арқылы орындалатын жұмысты
бұғаттау үшін балалар құлпы функциясын
таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
2. Балалар құлпы индикаторы
жыпылықтайды.
3. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Балалар құлпы индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Балалар құлпы индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Балалар құлпы индикаторы өшеді.
Қосымша ылғалдылық функциясы
Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру
керек болса, Қосымша ылғалдылық
функциясын іске қосуды ұсынамыз.
electrolux 5










