User manual
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
140 mm
180 mm
1
3
2
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару тетіктері
3
Қуат индикаторы
3.2 Басқару тетігі
Белгі Функция
0 Сөндіру қалпы
1 - 9 Қызу параметрлері
3.3
ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам
пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен
тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу
пештің керамика бетін қыздырады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Қызу параметрі
Қызу параметрін өзгерту немесе
орнату үшін тетікті қажетті қыздыру
параметріне бұраңыз. Сөндіру үшін
тетікті "off" қалпына бұраңыз.
Бір немесе бірнеше пісіру алаңдары
іске қосылған кезде қуат индикаторы
қосылады. Пісіру алаңдарын сөндірген
кезде индикатор сөнеді.
4.2 Қуатты басқару
функциясы
• Барлық пісіру алаңдары бір фазаға
қосылған. Суретке қараңыз.
• Бұл функция пісіру алаңдарының
жалпы электр жүктемесі фазаның
электр жүктемесінен артқан кезде
іске қосылады.
• Функция қуат мөлшерін пісіру
алаңдарына бөліп береді.
• Бұл функция басқа пісіру
алаңдарындағы қуат мөлшерін
төмендетеді.
• Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде
екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп
тұрады.
ҚАЗАҚ 7










