User manual

8. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
8.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Нұсқауларды оқып, бұлжытпай
орындаңыз. Адам жарақат алуы
немесе құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Тасымалдау барысында құрылғыға ешбір
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Егер қажет
болса, жеткізушіге хабарласыңыз.
Кіріктірілген құрылғыларды құрылғыны ас
үй қаптамасына және жұмыс бетіне дұрыс
орнатқаннан кейін орнатыңыз. Кіріктірілген
құрылғылар мен беттердің стандарттарға
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы пайдаланылатын елдің барлық
ережелері мен стандарттарын (қауіпсіздік
стандарты, қайта өңдеу стандарты, электр
қауіпсіздігі стандарты т.с.с.) орындаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр тоғынан жарақат алу қатері
бар.
Электр желісінің ағытпасының кернеуі бар.
Электр желісінің ағытпасын кернеуден
ажыратыңыз.
Егер қапсырма ағытпа блогының қасында
тұрса, қосылым сымының қапсырманың
шетіне тиіп кетуіне жол бермеңіз.
8.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны қауіпсіздік шараларына сәйкес
жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау
түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғы электр сымымен жабдықталған.
Бұған техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген жүктемені көтере алатын дұрыс
ашаны жалғау керек. Ашаны дұрыс
розеткаға жалғау керек.
Кез келген электрлік құралас құрылғыны
қызмет көрсету орталығының техник
маманы немесе білікті қызметкерлер
орнатуға немесе ауыстыруға тиіс.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Құрылғыны орнатып болғаннан кейін ашаға
қол жетіп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сым, адаптер немесе
көп бағытты розеткаға жалғамау керек (өрт
шығу қауіп бар). Құрылғының қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес жерге
қосылғанын тексеріңіз.
Қуат сымын құрылғының ыстық бөліктерінің
ешқайсысына тимейтін етіп төсеу керек.
Құрылғыны барлық магниттік полюстерде
ені кем дегенде 3 мм түйіспелі саңылаудың
көмегімен желіден ажыратуға мүміндік
беретін қондырғыға, мысалы, желіні
автоматты қорғайтын ажыратқышқа, жерге
тұйықталудан қорғау тетігіне немесе
сақтандырғышқа жалғаңыз.
Қосылым сымының ешбір жері 90°C
температураға төзе алмайды. Көк нейтрал
сымды "N" таңбасы салынған ағытпаға
жалғау керек. Қоңыр (немесе қара)
фазалық сымды ("L" таңбасы салынған
ағытпаға жалғанған) әрқашан тоқ жүріп
тұрған фазаға жалғау керек.
8.3 Қосылым сымын ауыстыру
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек H05V2V2-
F T90 сымын немесе осының баламасын
қолданыңыз. Сымның қимасының кернеуге
және жұмыс температурасына сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз. Сары/жасыл түсті жерге қосу
сымы қоңыр (немесе қара) түсті фазалық
сымнан шамамен 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
8.4 Кіріктіріп орнату
40-50 mm
55 mm
30 mm
min. 650 mm
490 mm
270 mm
Егер бірнеше 30 см өлшемді пештерді кішкене
қаптамаға қатарластыра орнату керек болса,
қызмет көрсету орталықтарынан жақтау
ҚАЗАҚ 11