User manual

Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
ҚАЗАҚ 5