User manual

7.2 Сигнал қосулы/сөндірулі
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін (B) және (C)
сенсорлық түймешіктерін шамамен 2
секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.
7.3 Кірде қалған ылғалдың
деңгейін реттеу
Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (A) және (B) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
өте құрғақ кір
барынша құрғақ кір
қалыпты құрғақ кір
4. (E) түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
5. Параметрдің өзгергенін растау
үшін (A) және (B) түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып
ұстап тұрыңыз.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны ең алғаш пайдаланар
алдында мына әрекеттерді
орындаңыз:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастаңыз
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір
қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
30 минуттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) сенсор
пернесін басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
ҚАЗАҚ 13