User manual

Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-
жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана
пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына немесе топсасы керісінше
орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі
жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы
кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанын тексеріңіз.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін
шығынды газдар қайта бөлмеге кірмес үшін,
құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға
арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көп 8 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
www.electrolux.com4