Instruction Manual

42
43
ПАЙДАЛАНУ
Орнату
Бұл құрылғыны кез келген көлденең бетте
пайдалануға болады. Электр желісіне
күш түсірмеңіз. Бір розеткаға басқа
құрылғылардың да қосылуын болдырмаңыз.
Электр желісіне қосу
- Құрылғыны розеткаға енгізбес бұрын,
розеткадағы қуаттың құрылғыдағы
төлқұжат тақташасында көрсетілген
қуатпен сәйкес екеніне және розетка
қуаты түсіретін жүктің сәйкестігіне көз
жеткізіңіз.
- БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО КЕДЕРГІСІН БАСУҒА
ҚАТЫСТЫ 2004/108/EEC СТАНДАРТЫНА
САЙ.
Іске қосу және пайдалану
- Құрылғыны розеткаға қосыңыз.
- Құрылғы іске қосулы болған кезде
құрылғы дыбысты сигнал шығарады
және индикатор шамы (G) жанады және
жанған күйде қалады. Құрылғы STAND-BY
(КҮТУ) күйіне өтеді.
- Құрылғыны іске қосу үшін ON/STAND-
BY (ҚОСУ/КҮТУ РЕЖИМІ) (A) түймесін
басыңыз. Ол алдын ала айқындалған
параметрмен қызуды бастайды.
- Мына қол жетімді функциялардың біреуін
таңдау үшін MODE (РЕЖИМ) түймесін
басыңыз.
l
Желдету
Осы жұмыс істеу режимінде тек желдеткіш
қана жұмыс істейді және құрылғы бөлмені
жылытпайды.
l
Қатудан қорғау
Осы жұмыс істеу режимінде құрылғы
қатудың алдын алу үшін бөлме
температурасын 7°C деңгейінде сақтайды.
l
Қыздыру 1 және Қыздыру 2
Бұл жұмыс істеу режимінде қалаған
температураны + және реттеу
түймелерін (В) басу арқылы реттетуге
болады.
- Қыздыру 1 (ең төменгі қуат деңгейі)
Құрылғы ең төменгі қуатпен жұмыс істеу
арқылы шуыл және тұтынылатын қуат
деңгейін барынша азайтады.
- Қыздыру 2 (ең жоғарғы қуат деңгейі):
Бөлмені тез қыздыру үшін құрылғы
ең жоғарғы деңгейдегі қуатпен жұмыс
істейді.
- Құрылғыны өшіру үшін, ON/STAND-BY
(ҚОСУ/КҮТУ) түймесін (A) басыңыз.
Дисплей шамамен 6 секунд бойы кері
есептеу таймерін көрсетуі мүмкін.
Құрылғыны толығымен өшіру үшін, ашаны
розеткадан суырыңыз.
Ескеріңіз: Дисплей температураны
°C және °F өлшем бірлігі бойынша көрсете
алады. Температура шкаласын өзгерту үшін,
+ түймесін бірнеше секунд басып тұрып,
босатыңыз.
ЭКО PLUS функциясы
Осы жұмыс істеу режимінде іске қосулы
болған кезде құрылғы қуат тұтынуды азайту
барысында ең жақсы қолайлылыққа кепілдік
беру үшін ең тиісті қуат деңгейін автоматты
түрде орнатады. Ең жоғарғы температура
параметрі 26 °C. Бұл функцияны іске қосу
үшін, ECO PLUS түймесін (D) басыңыз.
Тербелту түймесі
Егер бұл құрылғы ауа ағынын үлкен аймаққа
таратсын десеңіз, тербету түймесін (C)
басыңыз. Құрылғы одан кейін оңға және солға
тербеле бастайды. Тербелуді тоқтату үшін
тербету түймесін (С) қайта баса салыңыз.
24 САҒАТТЫҚ САНДЫҚ ТАЙМЕР
Бұл функцияны кез келген пайдалану
режимінен іске қосуға болады.
Кешіктіріп қосу: құрылғы STAND-BY (КҮТУ)
режимінде болған кезде, (E) таймер
түймесін басыңыз. Дисплейде белгі мен іске
қосылуға дейінгі уақыт көрсетіледі.
Таймерді орнату үшін, + және - реттеу
түймелерін (B) пайдаланыңыз, сосын
бағдарлама орнатылуы үшін бірнеше секунд
күтіңіз. Дисплей қайтадан күту режиміне
өтуді көрсетеді және белгі таймер
орнатылғанын көрсетеді. Бағдарламаланған
уақыт аяқталған кезде, құрылғы осыған
дейінгі пайдалану кезеңінде пайдаланылған
параметрлермен іске қосылады.
Кешіктіріп өшіру: Құрылғы қосылған кезде,
таймер түймесін (Е) басыңыз.
Дисплейде белгі мен өшуге дейінгі уақыт
көрсетіледі. Таймерді орнату үшін, + және
реттеу түймелерін (B) пайдаланыңыз,
сосын бағдарлама орнатылуы үшін бірнеше