Instruction Manual
52
Пайдалану нұсқаулығы
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
• Осы пайдалану нұсқаулығын сақтап
қойыңыз. Егер құрылғы басқа адамдарға
берілсе, оларды осы пайдалану
нұсқаулығымен бірге беру керек.
• Мұндай пайдалану нұсқауларын
елемеу күйіп қалуға немесе құрылғыны
зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Өнім жасаушысы осы нұсқауды елемеуден
туындайтын зақым үшін жауапты
болмайды.
• Техникалық қолдау орталықтарының
тізімін сақтаңыз да, өзіңізге жақынын
таңдаңыз.
Ескеріңіз:
Осы пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз.
Егер құрылғы басқа адамдарға берілсе,
оларды осы пайдалану нұсқаулығымен бірге
беру керек.
ОРНАТУ
Құрылғыны ауасын кептіру қажет ғимаратта
орнатыңыз. Ауаның шығуына кедергі
келтірмеуі үшін кептіргіші алдында кемінде 50
см бос қашықтық қалттыру қажет. Желдету
қызметін қамтамасыз ету үшін, кептіргіш
артында шамамен 5-10 см бос қашықтық
қалдыру қажет. Конденсатты бұру екі тәсілмен
іске асырылуы мүмкін:
a) Конденсатты бакқа бұрыңыз
Конденсаттың суын тікелей бакқа жинауға
болады. Бак жеңіл суырылады (1-сурет).
b) Конденсатты сыртқа үнемі бұру
Егер сізге құрылғыны ұзақ уақыт бойы
мерзім сайын босатып отыру мүмкіндігінсіз
пайдалану керек болса, конденсатты үнемі
бұруды орындау ұсынылады.
1) Конденсатты үнему бұру тығынын сағат
тіліне қарсы бұрыңыз да, қысқа келтеден
резіңке тығында суырыңыз (2-сурет).
2) 3-суретте көрсетілгендей, құбырдың
бөлігін қысқа келтеде бекітіңіз.
3) Құбыр қысқа келтенің биіктігінен аспауын
бақылау қажет. Кері жағдайда су бакқа
кететін болады (4-сурет).
Сонымен қатар құбыр қайта қысылмағанын
тексеріңіз.
туындайтын өрт немесе жарылыс қаупіне
әкеп соқтыратын салқындатқыш газ
ағынының жиналуының алдын алуға
жасақталған болуы керек.
• Бұл құрылғыны механикалық жарақаттың
алдын алуға болатындай етіп сақтау керек.
• Салқындатқыш газбен жұмыс
істейтін мамандардың өнеркәсіптегі
ассоциациялар танитын белгілі бір
бағалауға сай салқындатқыш газдарды
пайдаланудың дұрыстығын тексеретін
аккредитацияланған ұйым шығарған тиісті
сертификаттары болуы керек.
• Жөндеу жұмыстары өнім жасаушы
компания ұсыныстарының негізінде
орындалуы керек.
Басқа білікті маманның көмегін қажет ететін
қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын
тұтанғыш салқындату газдарын пайдалану
бойынша мамандандырылған адамның
бақылауымен орындау керек.
• Пайдаланылатын қаптау материалдары
екіншілік өңдеуге жатады. Осылайша
оларды кәдеге жарату кезінде
қалдықтарды жеке жинауға арналған
арнайы контейнерлерді пайдалану
ұсынылады.
• Ғимараттың сыртында құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ауаның кіруі және шығуына арналған
тесіктерді бекітпеңіз.
• Кір жуатын ғимараттарда құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Электрлік қосылулар
Құрылғыны тасымалдаудан кейін оны қосар
алдында кемінде бір сағат күтіңіз. Вилканы
розеткаға қосар алдында, мыналарға көз
жеткізіңіз:
• Желінің кернеуі техникалық
сипаттамаларда белгіленген жұмыс
кернеуіне сәйкес келеді.
• Розетка мен қорек көзінің желісі қажетті
жүктемені көтеруге қабілетті.
• Розетканың түрі вилканы түріне сәйкес
келеді. Сәйкес болмаған жағдайда
білікті маманның қызметіне жүгініп, оны
алмастыру ұсынылады.
• Розетка жерге тұйықтаудың тиімді
жүйесіне қосылған.