Instruction Manual

32
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Қауіпсіздік шаралары
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғы тек нан
өнімдерінен тостер жасауға
арналған. Кез келген басқа
қолданыс дұрыс емес және
қауіпті болып есептеледі.
Өнім жасаушы дұрыс емес,
сәйкес емес немесе жауапсыз
пайдалану салдарынан
болған зақым үшін және/
немесе өнімге компанияның
өкілі емес маманы жасайтын
жөндеу жұмыстары үшін
жауапты болмайды.
- Ашаны розеткаға енгізбес бұрын мынаны
тексеріңіз: розетканың кернеуі құрылғыға
жапсырылған ақпарат жапсырмасында
көрсетілген мәнге тең; розетка жерге
тұйықталған. Егер осы талап орындалмаса,
өнім жасаушысы ешқандай жауапкершілікті
мойнына алмайды.
- Розетка мен құрылғы ашасының арасында
қандайда бір сәйкессіздік болса, оны білікті
маманға ауыстыртыңыз. Адаптерлерді,
көп ұяшықты розетка құралдарын және/
немесе ұзартқыш кабельдерді пайдалану
ұсынылмайды. Осындай құралды
пайдалану қажет болса, тек осы қауіпсіздік
стандарттарына сай жалғыз немесе көп
ұяшықты адаптерлерді немесе ұзартқыш
кабельдерді пайдалану және адаптердің
не ұзартқыш кабельдің кернеуінің шегінен
асырмау ұсынылады.
- Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-
қатерлерді жою үшін оны өнім жасаушысы,
оның қызмет көрсету қызметкері немесе
сол сияқты білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Электр тогына түсіп қалуға жол бермес
үшін, тостерді, оның сымын немесе ашасын
ешқашан ылғалдамаңыз және тостерге
қолыңызды немесе пышақ немесе фольга
сияқты кез келген металды салмаңыз.
- Құрылғыны ылғал немесе дымқыл
қолдарыңызбен ұстамаңыз.
- Құрылғыны жалаң немесе ылғал аяқ-
қолыңызбен пайдаланбаңыз.
- Тостер пайдаланылмаған кезде оны тазалау
немесе тұрып қалған нанды алып тастау
алдында әрқашан розеткадан ажыратып
отырыңыз.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғы тек үйде
пайдалануға арналған және
жасақталған. Ол мына
жерлерде пайдалануға
жарамайды: дүкендердегі,
кеңселердегі және басқа да
жұмыс орындарындағы,
фермалардағы,
қонақүйлердегі,
мотельдердегі, мерекелік
ғимараттардағы немесе
қонақ күту үйлеріндегі
қызметкерлер ас бөлмесі.
- Осы құрылғы оралған
полиэтилен қалта
балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақталуы
керек, себебі ол тұншығу
қаупін тудыруы мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу, сезу
немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға
немесе осы құрылғыға
қатысты тәжірибесі немесе
білімі жоқ адамдарға тек
оларға ықтимал қауіп-

Summary of content (4 pages)